Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ. Әбден әлеуметтік сауалдар назардан тыс қалмау қажеттігін ескертті

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2022
  • 974

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Қызылорда облысына барды.

Сыр елінде үміткердің сайлауалды бағдарламасын таныстыруға 100-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Жергілікті штабта 10 қызметкер бар. Алдымен олардың атқарған жұмысымен танысты. Материалдық-техникалық база толық жасақталған. Өңірге республикалық штаб басшысы да барды. Ол волонтерлермен бірге пәтерлерді аралап, тұрғындармен тілдесті. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпарат парақтарын таратты.

Маржан БИСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

Штаб жұмысын кестеге сай жасауда. Қызылорда обылсы бойынша аудандар волонтерлармен қамтамасыз етілген. Күнделікті облыс бойынша, қала бойынша әлеуметтік сұрақтар түсуде. 5-6 сұрақтан қарастырып, жауап берілуде халыққа.

Т. Әлжанов