Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2022
  • 1389

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ ҚЫМБАТ?

Елімізде жұмыртқа қымбат. Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мұны маусымдық құбылыс дейді. Сарапшылардың айтуынша, баға енді 2-3 ай бойы өспейді. Жыл басынан бері тауық өнімінің құны 7 процентке көтерілген.

Максим БОЖКО, ҚАЗАҚСТАН ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жыл басында жем өте қымбаттады, бірақ жұмыртқа бағасы айтарлықтай өскен жоқ. Бағаның өсуі енді ғана байқалып келе жатыр. Себебі зауыттар осы жылы шығындарын өтеуде.

КҮНБАҒЫС МАЙЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Елімізде күнбағыс майының қоры -26 мың тонна. Бұл бір айдан астам уақытқа ғана жетеді. Бірақ, мамандар алаңдауға негіз жоқ дейді. Биыл 1 млн тоннадан астам өнім жиналады деп жоспарланып отыр. Экспортқа кететін 240 мың тонна көлемді қоса есептегенде, шамамен 366 мың тонна күнбағыс майын алуға мүмкіндік бар. « Бұл халықтың ішкі қажеттілігін екі есе жабуға жетеді», – дейді жауаптылар. Ауыл шаруашылығы министрлігі қыркүйек айына дейін күнбағыс экспортын шектеген еді. Бірақ алдағы уақытта мұндай шаралардың қажеттілігі жоқ дейді.

ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ АРТАДЫ

Алдағы екі жылда ең төменгі жалақы мөлшері 65% өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оны есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеп жатыр. Мамандар Франция, Бразилия, Нидерланды, Малайзия тәжірибесіне жүгінуде. Ең төменгі жалақы мөлшерін инфляция мен елдегі өмір сүру құқына сай есептеп шығармақ. Бұл екі миллиондай адамның табысын арттырмақ.

МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН

Елімізде 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін. Себебі, оларға қатысты шағым көбейген және проблемалы несиелер саны артқан. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тексеріс жүргізуде. Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, қазірдің өзінде шағын несие беретін 6 ұйымның екеуін лицензиясынан айыруға негіз бар. Олардан мөлшерлемені негізсіз көтеру фактілер анықталған. Айта кетейік, елімізде 430 мыңнан астам адам микроқаржы ұйымдарына берешегін төлей алмай, 90 күннен кешіктірген. Қарызы 70 миллиардтан асады.

Б. Сатуов