Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет жазғы дизельді отын бағасын реттеуден бас тартпақ

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2016
  • 2341

Жазғы дизельді отын бағасы өседі. Оның бөлшек саудадағы құны шамамен литріне 115 теңге  болуы мүмкін. Бүгін Энергетика вице-министрі отын бағасын мемлекеттік реттеуден шығаруды ұсынды. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты жою үшін қажет деп отыр. Өйткені Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда дизельді отын құны әлдеқайда жоғары. Ал ебін тапқандар Қазақстанның арзан өнімін шекара асырып жатыр деп түсіндірді.

Министрліктің бұйрығы ертең күшіне енеді. Өзгерістерді өзге мемлекеттік органдар қолдаса, нарықтағы баға еркіндікке жіберіледі. Ал қазіргі баға литріне 99 теңге.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Ауыл шаруашылығына біздер 390 тонна көлемінде дизель отынын бөліп жатырмыз. Бағасы бір литрге 79 теңге. Зауыттан өздері тасымалдап алып кетулері керек. Қазіргі жағдайда ешқандай кешіктірусіз сол көлем жеткізіліп жатыр, біздің ақпаратымыз бойынша. Кеше ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасарымен сөйлестім, олар да осы ақпаратты растап жатыр. Ешқандай кедергісіз нақты көлемде алып жатыр.