Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «Жас Отан» белсенділері балалар үйі тәрбиеленушілерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2016
  • 2684

Павлодар облысындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастардың 85 пайызы «Сәтті қадам» жобасы аясында жұмысқа орналасқан. Ендігі мақсат - жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу. Мұны «Жас Отан» жастар қанатының Павлодардағы өкілдері бүгін балалар үйі тәрбиеленушілерімен кездесуінде айтты.

Жұмыспен қамту ата-ана қамқорынан айрылған балалар үшін бұл өткір мәселе болып табылады. Балалар үйінен түлеп шыққандардың басым бөлігі кәсіп таппай қиналатыны рас. Осыны ескерген «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты «Сәтті қадам» бірегей жобасын қолға алған болатын. Белсенділер жастарды жұмыспен қамтуда партия атқарып жатқан істерді айтып, бағдарлама мүмкіндіктерімен таныстырды. Олардың айтуынша, жоба өз нәтижесін беріп жатыр. 

Айбек Жұматов, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облысы филиалының баспасөз хатшысы:

«Сәтті қадам» жобасының негізгі мақсаты - жастарды қоғамдық жұмысқа көбірек тарту. Олардың әлеуметтік лифт дейміз ғой, сол бойынша біліктілігін арттыру, қызметтік өсуіне жағдай жасау.

Жасотандықтардың айтуынша, бұл жоба жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуын құптайды. Кез келген жас қатысу үшін тамыздың 15-іне дейін құжаттарын тапсыра алады. Олар тағылымдамадан өтуге жолдама алмақ. Павлодардағы балалар үйінің түлектері де осы жобаның арқасында тұрақты жұмыс табуға ниетті. Шара барысында «Жас Отан» жастар қанаты бүгінгі кездесуге келген әр жасқа естелік сыйлықтар табыс етті.

Карина Вишневская:

Бүгін бірінші рет келдім. Өте қуаныштымын. Өйткені мұнда біз өз мүмкіндігімізді көрсете аламыз. Біз белсенді болсақ, болашағымыз да жарқын болар деп ойлаймын. 
  
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ