Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алдағы 3 жылдық бюджетте маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге жеткілікті қаражат қарастырылған",- М. Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2022
  • 1342

Бүгін сенат үш жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Үш жылдық жоспарда республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге арналған шығын көлемі қайта қаралуы тиіс. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік бағдарламаларға қосымша қаражат қажет. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобасында өзге әлеуметтік мәселелерді шешуге жеткілікті қаржы қарастырылған. Мәселен, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына алдағы үш жылда 2,6 трлн теңге бөлінбекші. Осының нәтижесінде елімізде оқушы орындарының саны 820-ға артпақ деді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы арқылы еліміздегі үш ауысымды мектеп проблемасы және бір сыныптағы балалар санының шамадан тыс көп болуы негізінен шешіледі деп сенеміз. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің және азаматтық қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға арттыруға тиісті қаражат қарастырылды. Жергілікті бюджеттерге жалпы трансферттерді ескерсек, келесі жылы әлеуметтік шығыстар 2 трлн теңгеге, яғни шамамен 20 пайызға өседі. Сонымен қатар біз Ұлттық қордан трансферттер көлемін кезең-кезеңімен қысқартуды да жоспарланып отырмыз.

Б. Сатуов