Русский Сайттың толық нұсқасы

Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғы алғаш рет Шымкенттегі онкологиялық орталыққа орнатылды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2022
  • 1585

Шымкентте ядролық медицина орталығы ашылды. Мұнда жоғары технологиялық аппараттардың көмегімен мамандар қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтайтын мүмкіндік алды.

Жаңа қондырғылар арқылы қатерлі ісіктің бастапқы пайда болу сатысын анықтап, патологиялық процессті басқа әдістерге қарағанда ертерек білуге болады. Дәрігерлер заманауи құрылғының көмегімен обыр ауруларының ошағын дәл тауып, емдік шараларды дер кезінде бастауға мүмкіндік артатынын айтып отыр.

Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Алдын ала 1-ші -2-ші стадияда оны анықтап, тез ғана ем жасап, сол адамның жасын ұзартуға келіп отыр. Бұл ПЭТ\ КТ-ның қуаттылығы бір күнде жиырма адамға дейін. Сондықтан ол толығымен жетеді. Біздің қазіргі есептеріміз бойынша бір айда 20-30 болуы мүмкін.

Бұған дейін күнгей халқы Астана мен Алматыға сабылатын. Енді жақын маңдағы облыс тұрғындарының да Шымкентке келуіне мүмкіндік бар. Мегаполисте медициналық туризмді түлетуге жол ашылды.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мұндай қазіргі кезде Қазақстанда жоқ. Бірінші кезде біздің қала тұрғындары, Қазақстан республикасының азаматтары, екінші кезеңде туристер әрқашан қазақ республикасы емдеуге дайын ғой.

Жаңадан ашылған орталық мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында ашылды. Яғни, инвестор өз қаражаты есебінен жабдықтарды сатып алып, нысанды жалға алу арқылы халыққа тегін медициналық қызмет көрсетеді. Орталықта жылына орта есеппен 5 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауруды ерте сатыда анықтап, өлім жітім көрсеткішін едеуір азайтуға болады.

А. Төребекқызы