Балық
браконьерлері 25 жыл бас бостандықтарынан айырылды. Астанада бекіре балығын
заңсыз аулағандарға қатысты бүгін сот осындай үкім шығарды. Сотта Атырау қаласы
Дамба ауылының 4 тұрғынының ісі қаралды. Үшеуі жұмыссыз болса, біреуі - Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкері. Олардың барлығына ұйымдасқан
қылмыстық топ құрып, заңсыз бекіре балығын аулады деген айып тағылған.
Мемлекетке келген шығын 2 миллион теңгеден асқанымен, айып тағылған азаматтарға
қатаң шешім шығарылды. Олар 5 жылдан 8 жылға дейін сотталды. Өйткені жаңа
заңда қылмыстық топ құрған браконьерлерге жауапкершілік қатаңдатылған.
Баязид
Дәрібаев, Астана қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық әскери сотының
қылмыстық істер бойынша судьясы:
Қылмыстық топ құрған, оның мүшесі болғаны үшін, қазір ауыр жаза белгіленеді.
Мейлі ол топ ауыр қылмыс жасасын, жеңіл қылмыс жасасын. Топ жетекшісі 8 жылға
бас бостандығынан айырылды. Барлығы 25 жылға сотталды жыне барлығының жеке
мүліктері тәркіленетін болады.
Берік ХАСЕНОВ