Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңсыз бекіре аулағандар 25 жылға бас бостандықтарынан айырылды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2016
  • 2820

Балық браконьерлері 25 жыл бас бостандықтарынан айырылды. Астанада бекіре балығын заңсыз аулағандарға қатысты бүгін сот осындай үкім шығарды. Сотта Атырау қаласы Дамба ауылының 4 тұрғынының ісі қаралды. Үшеуі жұмыссыз болса, біреуі - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкері. Олардың барлығына ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, заңсыз бекіре балығын аулады деген айып тағылған. Мемлекетке келген шығын 2 миллион теңгеден асқанымен, айып тағылған азаматтарға қатаң шешім шығарылды. Олар 5 жылдан 8 жылға дейін сотталды. Өйткені жаңа заңда қылмыстық топ құрған браконьерлерге жауапкершілік қатаңдатылған.

Баязид Дәрібаев, Астана қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық әскери сотының қылмыстық істер бойынша судьясы:

Қылмыстық топ құрған, оның мүшесі болғаны үшін, қазір ауыр жаза белгіленеді. Мейлі ол топ ауыр қылмыс жасасын, жеңіл қылмыс жасасын. Топ жетекшісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлығы 25 жылға сотталды жыне барлығының жеке мүліктері тәркіленетін болады.  

Берік ХАСЕНОВ