Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелері Батыс Қазақстан облысына барды

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2022
  • 1426

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Батыс Қазақстан облысына барды.

Штаб мүшелері алдымен облыстың зиялы қауым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен кездесті. Онда еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға арналған басымдықтар туралы сөз болды.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Экология мәселесі еліміз үшін оның ішінде Батыс Қазақстан обылысы үшін де өзекті мәселе екенін білеміз. Жайыққа қатысты проблемалар бар екені жасырын емес. Су деңгейі төмендеп кетті соңғы жылдары. Сол себепті мемлекет бұл бағыттарда жұмыс істеуде,әліде бәріміз бірге әр түрлі деңгейлерде көп нәрсе жасауымыз керек.

Жиыннан соң, кандидат жақтастары «Жайық жылу қуат» коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен жүздесті. Онда сайлаушыларға кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары айтылды. Штаб мүшелері «Зенит» зауытының ұжымымен де кездесіп, кандидаттың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға арналған саясатына тоқталды.

Б. Сатуов