Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Әуесбаевтың жақтастары елордалық жастармен кездесті

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2022
  • 1584

Президентікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмыстары Астанада жалғасуда.

Кандидаттың жақтастары елордалық студенттермен кездесті. Жиналғандар түрлі мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде жұмысқа орналасуда туындайтын проблемаларды ашық айтты. Білім сапасына қатысты да көптеген сауал қойылды. Сондай-ақ, әйелдердің әлеуметтік мәртебесі талқыланды. Жоспар бойынша оппозициялық партия өкілдері ертең Ақмола облысының Ақкөл ауданына барады. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырады. Онда қоғамдағы ең өзекті деген мәселелер қамтылған.

Талғат ОМАРОВ, Н. ӘУЕСБАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Бүгін өте қызықты кездесу болды. Жастардың саны 50 шақты болды. Тағы да он шақты әйел болды. Көп сұрақтар қозғалды, әйелдердің зейнетке шығатын жасын 58-ге дейін түсіру жайлы. Білім мәселесіне қатысты сұрақтар да қойып отыр. Неге десеңіздер: жастарымыз сапалы білімді талап етеді.

А. Серік