Русский Сайттың толық нұсқасы

Сібір жарасымен ауруханада жатқан екі павлодарлықтың біреуі емделіп, үйіне шықты

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2016
  • 2623

Павлодарда күйдіргі диагнозымен ауруханада емделген екі науқастың бірі үйіне шығарылды. Бұл жайында бүгін облыстағы штаттан тыс бас эпидемиолог-дәрігер Гүлмира Құлмахамбетова хабарлады. Ал, екінші науқас әзірге ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады. Әйелдің денсаулығы тәуір, бірақ қашан шығарылатыны белгісіз.

Қауіпті дерт тіркелген Ертіс ауданы, Ұзынсу ауылында 11-ші шілдеде карантин жарияланған болатын. Анықталғандай, мал ұстайтын 90-ға жуық қора-қопсы зарарсыздандырылған. Ветеринарлық сараптама қорытындысы бойынша ауылдық округтің әкімі 17 күнге жалғасқан карантинді бүгіннен бастап алу туралы шешім қабылдады. Ветеринарлық қызмет өкілдері алынған сынамаларда «күйдіргі» қоздырғышы болмағанын айтты.

Рашид Нұрбеков, Павлодар облысының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы:

Әзірге ауылдан ет шығарылмайды. Бұған техникалық регламент бекітілген. Оған сәйкес, екпеден кейін тек 21 күннен кейін мал союға рұқсат беріледі. Біздің есептеуіміз бойынша, малды тамыздың бесінен ары қарай союға болады. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ