Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ,- СІМ

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2022
  • 1715

Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров айтты. Ал Түркия ішкі істер министрлігі күдіктілердің қолға түскенін хабарлады. Толығырақ алдағы сюжетте.

Режеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Алты адам қаза тапты-олардың төртеуі сол жерде қаза тапты, тағы екеуі ауруханада қайтыс болды. Стамбул губернаторы бізге берген алғашқы ақпараты бойынша бұл жерде террорлық әрекет болуы мүмкін.

Жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 20-ға жуық адам ұсталды. Оның ішінде жарылғыш сөмкені қойып кетті деген күдікке ілінген әйел де қамауға алынды. Түркияның Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, жарылысқа террорлық ұйымның қатысы бар.

Сүлейман СОЙЛУ, ТҮРКИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біраз уақыт бұрын бомбаны қалдырған оқиғаны жасаған адамды Стамбул полициясы ұстады. Бұған дейін тағы 20-дан астам адам ұсталды. Бұған "Күрд жұмысшы партиясының" қатысы болуы мүмкін.

Ал, зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Түнімен біздің бас консулдықтың дипломаттары телефонда отырып, барлық сол маңдағы ауруханалардың бәрін зерттеп шықты. Қуанышқа орай біздің азаматтарымыз бірде-бір тізімде жоқ.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Стамбул қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді."Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", - деп жазылған жеделхатта.

Б. Сатуов