Русский Сайттың толық нұсқасы

Респонденттердің 70% астамы президенттік сайлауға қатысуға дайын – сауалнама

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2022
  • 1087

Әрбір 10 сайлаушының жетеуі алдағы жексенбіде өтетін президенттік сайлауға қатысуға дайын. Бұл «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген сауалнаманың нәтижесі. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі дауыс беруге міндетті түрде баратынын айтса, 16%-ы "дауыс беруім әбден мүмкін" деп жауап берді. Ал 18%-ы нақты шешім қабылдамаған. Респонденттердің 78,2 %-ы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниетті. Екінші орында Жигули Дайрабаев - 2,8%. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 2%-ы Нұрлан Әуесбаев, Салтанат Тұрсынбекова және Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын қолдайтындарын білдірген. Сайлау рейтингін Қарақат Әбден жабады. Ал кейбіреулер кімге дауыс беретіні туралы шешім қабылдамаған. Жалпы, респонденттердің 85 %-ға жуығы сайлаудың әділ өтетініне сенімді

А. Серік