Русский Сайттың толық нұсқасы

Cайлауға объективті баға беріледі деп үміттенеміз, – ҚР СІМ

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2022
  • 1238

Сайлауға объективті баға беріледі деп үміттенеміз. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуде осылай деді. «Бұл — Қазақстан Тәуелсіздік алғалы өткізіліп жатқан жетінші президенттік сайлау. Мұны еліміздегі демократияның дамуындағы тағы бір маңызды кезең деп санауға болады» деді. Президенттік сайлауды халықаралық ұйымдар мен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус бақылайтынын атап өтті.

Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бұл – Қазақстанның демократиялық дамуындағы тағы бір қадам. Біз барлық байқаушылармен өзара жұмыс істеуге және сайлаудың объективті бағалануына үміттенеміз. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі екенін атап өткім келеді, сондықтан біз сайлауды ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сай өткізуге толығымен дайынбыз.

Т. Әлжанов