Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Әбден: «Түркістан – киелі мекен. Шамшырағы қайта жанған көне шаһар»

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2022
  • 1944

Қазақстан – Еуразия құрлығының жүрек тұсында орналасқан үлкен ел. Ал Түркістан – мәдениеттің ордасы. Кандидат Қарақат Әбден тарихы терең аймақта болды.

Үміткер жұртшылықпен жүздесіп, туризм саласын дамыту жөнінде пікір алмасты. Сауалдарға жауап берді. Сайлауалды бағдарламасының негізді бағыттарымен бөлісті. Кездесуге сондай-ақ өңірлік туризм саласының өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды. «Түркістан – барша түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті жер. Ежелден-ақ «екінші Мекке» деп атанып кеткен қазақтың рухани астанасы көптеген саяхаттаушылардың қызығушылығына ие болып отыр. Түркістанның тарихи маңызын және осы өңірде шоғырланған киелі жерлердің көп екендігін ескере келе, алкогольді ішімдіктерді сатудан бас тартқан алғашқы қалалардың бірі атануына барлық мүмкіндіктер бар», - деді үміткер. Бұдан кейін өңірлік штабта болып, кеңес өткізді. Мамандарға нақты тапсырма жүктеді.

Еркінжан ПІРМАХАНҰЛЫ, ӨҢІРЛІК ШТАБ БАСШЫСЫ:

Барынша максимально жұмыс жасап жатырмыз. Бізге жүктелген міндеттер толығымен орындалды. Түркістан облысына қарасты 17 ауданда 117 волонтер жұмыс істеді. Әлі де жұмыс жасап жатырмыз.

Айта кетейік, кандидат Қарақат Әбден республика аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Жамбыл облысы сайлаушыларымен жүздеседі.

А. Серік