Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2022
  • 1157

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды. 4 адам көз жұмды. Оқиға "Петропавл -Көкшетау" тас жолында Рощинск ауылының тұсында болған. Тайота мен Ауди соғысқан. Соққының қатты болғаны сонша, екінші көлік жартылай майысып, сау тамтығы қалмады. Салдарынан қос жүргізуші мен екі жолаушы тіл тартпастан кетті. Тайота жүргізушісі бұрын полицияда қызмет істеген деген бейресми ақпарат бар. Қазір бұл іске қатысты іс қозғалды, апаттың себебін анықтап жатыр.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

А. Құрманкин