Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде «Достық» бассейніне қатысты тексерудің қорытындысы шықты

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2022
  • 2913

Ақтөбедегі «Достық» бассейніне қатысты тексерістің қорытындысы шықты. Кешегі шығарылымызда хауыстың суы бес жылдан бері ауыстырылмағанын айтқан болатынбыз. Балалардың үстіне бөртпе шығып, аллергиялық дертке шалдыққан болатын. Кешен басшылығы бүгін шұғыл баспасөз маслихатын өткізді. Тәуелсіз сараптаманың қорытындысы бойынша қалыпты нормаға сай екен. Бірақ бір қызығы, облыстық санитарлық эпидемиологиялық департамент бассейн суына тексеріс жүргізбеген. Олар сынама алу үшін ата-аналардан арнайы арыз-шағым түсіруі қажет екен. 

Лаура РШАУОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 

Нысандар маңыздылығы жағынан бөлінеді. Бұл жағдайда бассейн аса маңызды нысан емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алатын нысан болып есептелмейді. Сондықтан біз ата-аналар тарапынан қандайда бір арыз-шағым болмаса тексеріс ашпаймыз. 

Кешен басшылығы бассейн суының бес жылдан бері ауыстырылмағанын жасырмады. Бірақ талапқа сай дегеннен танбады. Автоматтандырылған сүзгілер суды тәулік бойы тазартып отырады дейді. Кешен келер жылы жөңдеуден өтеді. Суы да ауыстырылмақ. 

Серікбол НҰРАЛИН, «ДОСТЫҚ» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Біздегі бассейндегі су ол күнделікті жанарып отырады.Обновление оған байланысты біздің астымызда төрт фильтріміз бар. Фильтр тазаланған кезде ішіне жиналған су канализацияға кетеді. Оның орнына біздер жаңадан су құйып алмастырып отырамыз.

 Б. Рахметова