Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ресейге салынған санкциялар басқа мемлекеттерге бағытталмаған», - Ж.Боррель

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2022
  • 1329

Ресейге салынған санкциялар басқа мемлекеттерге бағытталмаған. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Қазақстанға жасаған ресми сапарында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Жозеп Боррельге ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Жозеп БОРРЕЛЬ, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛІ:

Ресейге қарсы салынған санкциялар соғысты қаржыландыру әлеуетін әлсірету мақсатын көздейді. Ресейге бағытталған санкциялардың басқа елдерге қатысы жоқ. Алып-қашпа сөздерге мән бермеулеріңізді сұраймын.

Б. Сатуов