Русский Сайттың толық нұсқасы

Ж. Дайрабаевтың үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2022
  • 1110

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысына барды. Сайлаушылармен кездесіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Ал кандидаттың сенімді өкілі Николай Арсютин Солтүстік Қазақстан облысын аралауда.

Жигули Дайрабаев пен партияластары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Атырау облысы Индер ауданының тұрғындарымен жүздесті. Жергілікті агроөнеркәсіп саласын дамыту мәселелерін талқылады.

Қадіржан АРЫСТАН, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Облыстағы 7 ауданның төртеуі ауылшаруашылықпен айналысады. Яғни егін саласы, мал өсіреді. Бұл өңірдегі ең басты проблема су мәселесі. Жайық өзенінің деңгейі 3 есе түсті.

Ал кандидаттың сенімді өкілі Николай Арсютин Солтүстік Қазақстан облысында жүр. Ол Чапаев ауылындағы сүт-тауар фермасында болды. Өндіріс барысымен танысып, жергілікті мамандармен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Р. Бақытжанқызы