Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе әуежайында 180 жолаушы түнеп шықты

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2022
  • 1277

Оралдан Алматыға шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Әуе кемесінде бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап, экипаж осындай шешім қабылдаған. Ұшақта болған 180 жолаушы әлі әуежайда отыр.

Оралдан Алматыға шыққан ұшақ, түнгі төрттің кезінде шұғыл түрде Ақтөбеге қонған. Әуе кемесіндегі бір жолаушының аяқ астынан денсаулығы сыр беріп, жағдайы нашарлапты.

Дастан МАЛИЕВ, Ә.МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Таңғы 4:05 кеткенде ұшақ қонды. Ұшқан бетте скорый келіп сразу отперативно пассажирды рейстен снимать етіп больницаға алып кетті. Біздің басты міндетіміз самолетті күтіп алып, пассажирге қызмет ету ғой. Біз тарапымыздан барлығын істедік.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

180 жолаушы бүгін әуежайда түнеп шыққан. Олардың көпшілігінің бүгін таңертең Алматы да шаруалары болған екен. Енді олардың күтуден басқа амалдары қалмай отыр.

Асхат АХМЕДИЯРОВ, ЖОЛАУШЫ:

Заң бойынша бізге не отель бермейді. Басқа уақытын айту керек қой. Қашан ұшатынымызды. Сөйтсе алтыда ұшады күтіңіз деді. Түнгі 12.30 ұшады деп Енді отырмыз аэропортта не істерімізді білмей.

Әсемгүл АМАНЖОЛ, ЖОЛАУШЫ:

Аяқ астынан болған жағдай болса міндетті түрде орын тауып беру керек. Грудной ребенок, аяғы ауырлар бар. Үлкен әже болды инвалид креслодағы айқаймен әрең тек сол бабушканы білмеймін қалай алып кетті. Қалғандары жүр.

Әуежай тарапынан жолаушыларға ыстық тамақ пен шай берілген. Кейбіреулер билеттерін тапсырып, басқа рейстермен ұшып кетіпті. Көпшілігі таңертең Орал қаласына таксимен қайтуға мәжбүр болған. Әуекомпаниядан алдымен кешке алтыда сапарды жалғастырамыз деген хабарлама келіпті. Енді техникалық ақауларға байланысты рейс түнгі 12 жарымға кешіктірілуде.

Қайрат ЖҰМАБАЕВ, ЖОЛАУШЫ:

Самолет техническая причина дейді. Айтпайды бірақ та бізге ештеңе. Айтып жатыр обкатка істеген жоқ. Бензин нетпей бортпен кетті дейді. Польный бакпен отырған дейді. Ол тоже не безопасно біздер жарылуы мүмкін едік. Скачок болса.

Әуекомпаниясының өкілдері ұшақтың Ақтөбеге сырқат адам үшін қонғанын айтты, онан кейін техникалық ақаулар болды дейді.

FlyArystan КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

КС7166 рейсі 18 қарашадан 19 қарашаға ауысқан түнде 00:30- да кешіктіріледі. Себебі жоспарланбаған мәжбүрлі отырғызу ұшақтың техникалық байқаудан өткізуіне әкеліп отыр. Бұл тексеріс ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес өткізіледі.

Сондай-ақ Әуекомпаниясы жолаушылардың қонақ үйге кеткен шығындарын, билеттің толық құнын, басқа да шығындарын өтемек.

Б. Рақметова