Русский Сайттың толық нұсқасы

"Түбегейлі басқа саяси жүйе қалыптасады"- Е.Қарин

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2022
  • 1223

Сайлауда мемлекеттік құрылымның жаңа моделі іске қосылады. Алдағы Президент сайлауы елдің одан әрі даму жолдары туралы жаңа мазмұнды қоғамдық пікірталастарға серпін берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Телеграм парақшасында жазды. Оның айтуынша, Мемлекеттік институттарды қайта жаңғыртудың нәтижесінде жаңа, түбегейлі басқа саяси жүйе қалыптасады.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Жалпы, президенттік сайлау жарияланған сәттен бері сайлау науқаны шамамен үш айға созылды. Бұл сайлау елдің одан әрі даму жолдары туралы жаңа мазмұнды қоғамдық пікірталастарға серпін берді. Бірақ сайлау науқанынан бөлек, алдағы сайлаудың аса маңызды міндетін де ұмытпау керек. Осы жексенбіде нақты бір кандидатқа дауыс беру ғана жүрмейді, қазақстандықтар маусым референдумында конституциялық контурларын бекіткен мемлекеттік құрылымның жаңа, анағұрлым демократиялық моделі іске қосылады.