Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық жасотандықтар ардагерлердің үйлеріндегі тазалықты қолға алды

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2016
  • 2534

Қызылжарда «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қол ұшын созып жатыр. Белсенді жастар Иван Луневтің үйін жинасып, есік алдындағы шаруаларды тындыруға көмектесті. 98 жастағы көнекөз қария сұм соғысқа соңына дейін қатысқан. 4 жыл бойы фашисттерді талқандап, Берлинге дейін жеткен.

Ардагер жүзге таяп қалса да, қол қусырып отырғаны жоқ. Зейнеткердің шағын бау-бақшасы бар. Ол жаз айында көкөніс пен жеміс-жидек өсіріп, қыс бойы соның несібесін көреді. Әрине, ауыр жұмыс істеуге мұрша жоқ, - дейді ардагер. Осындай кезде жасотандықтар қолқанат болады екен.

Иван Лунев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Бақша мен құстарым бар. Әлім болмаса да, тірлік қылуға тырысамын. "Жас Отанға" алғысымды білдіргім келеді. Қыста келіп, қар тазалап кетеді. Жазда есік алдын жинайды. Мен 1941 жылы Петропавлдың әскери комитетінен шақырту алдым. Мұнда 314-ші дивизия болды. Мені соның қатарына қосты. Сөйтіп, соғыстың аяғына дейін әлгі дивизиядан айырылған жоқпын. Берлинде дембель атандым. Гитлердің әскерін жойғанымызға күнде шүкіршілік етемін.

Жалпы, жыл басынан бері «Жас Отанның» мүшелері 6 ардагерге көмектескен. Айтуларынша, қариялар әсіресе қысты күні көмекке мұқтаж. Көбі жалғыз тұратындықтан, қар тазалап, су тасуға қауқарсыз. Сондықтан олар осы кезде мейілінше көңіл бөлуге тырысады.

Абылайхан Қайроллаев, «Жас Отан» жастар қанаты Петропавл бөлімшесінің жетекшісі:

Жазда біздің жасотандықтардық жұмысы үлкен емес. Бірақ та біз соған қарамастан, әрдайым қол ұшын созуға дайынбыз. Әрине, біз әрдайым ардагерлермен әңгімелесуге дайынбыз. Олардың әңгімелері соғыс жайлы және де олардың маңызды оқиғаларын тыңдау қызықты. Және де біз әрдайым тыңдауға, көмектесуге дайынбыз.