Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 600 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 1558

Алматыда 600 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның 69-ы азаматтардың уақытша тұратын орындарында, 531-і азаматтардың тұрақты тіркелген жерлерінде құрылды. Мегаполисте дауыс беру қалай жүріп жатыр? Халықтың белсенділігі қалай? Әріптесім Мөлдір Жақан айтуға дайын.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Алматыдағы учаскілер таңғы 6-да есігін айқара ашты. Мегаполисте жалпы саны 1 миллион 176 мың сайлаушы бар. Олар таңмен таласа сайлау учаскілеріне ағыла бастады.

Халықтың белсенділігі жоғары. Жастар да бұл маңызды күннен қалыс қалмады. 18 жастағы Бақтыгүл Орынбасар алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келді. Бұл – оның тұңғыш рет дауыс беруі.

Бақтыгүл ОРЫНБАСАР, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін мемлекетіміз үшін айтулы күн. Сайлауға қатысу, дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Мен алғаш рет дауыс беріп отырмын. Өте керемет әсер алдым. Ұйымдастыру жағы да ұнады.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Алматыда сайлау барысын 43 халықаралық байқаушы қадағалайды. Кезектен тыс президент сайлауында азаматтар қалада тіркеуі бар-жоғына қарамастан дауыс бере алады. 

М. Жақан