Русский Сайттың толық нұсқасы

Синоптиктердің болжамынша, тамыз айы салқын әрі жауын-шашынды болады

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2016
  • 4259

Тамыз айы еліміздің солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде салқын әрі жауын-шашынды болады. Астанада да солай. «Қазгидромет» мамандары осындай болжамымен бөлісті. Айтуларынша, осы айда екі бірдей суық ағын байқалады. Олар екінші 10 күндік пен үшінші 10 күндіктің соңына келеді.

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ал кей өңірлерде нөсер жаңбыр соңы бұршаққа ұласады, деп болжайды синоптиктер. Есесіне, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында жылы ауа райы сақталады. Жаңбыр мөлшерден аз жауады деп күтілуде.

Айдың басында батыста +38 градус, Атырау, Маңғыстау және оңтүстікте +40+41 градусқа дейін, ал солтүстік, орталық және Шығыс Қазақстанда ауа температурасы 33 градусқа дейін жоғарылайды деген болжам бар. Дегенмен, жылу ұзаққа созылмайды. Тамыздың 7-мен 12 аралығында кезекті белсенді циклонның өтуіне байланысты, қайтадан жаңбыр жауып, арты салқын ауа райына ұласады.

Гүлмира  Ақышева, «Қазгидромет» РМК ауа райын ұзақ мерзімді болжау бөлімінің басшысы:

Ай бойы 2 суық толқыны байқалады. Бұл 2 он күндіктің және үшінші он күндіктің соңында. Бұл кезде ескертетін жайт, елімізідің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің кей жерлерінде жер бетін үсік шалуы ықтимал. Екінші он күндік дегеніміз, 18-20 аралығында, және айдың соңы дегеніміз, 28-31 шамасында. Салқындайды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облысы салқын және жаңбыр мөлшерден көп жауады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ