Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жас аналар дауыс берді

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 1171

Атырауда жүкті және жас аналар өз таңдауларын жасады. Олар еліміз үшін аса маңызды тарихи күні сәбилерін бауырларына басқанына қуанышты. Сондықтан бәрі бір ауыздан «елдің тыныштығы мен балалардың алаңсыз болашағы үшін дауыс бердік», - дейді. Қалалық перзентханда орналасқан 80 жабық сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып 22 жастағы Жанат Нұриденова дауыс берді. Жас ана бүгін түнде ғана сәбиін дүниеге алып келген. 3 келі 300 грамм ұлына бақытты отбасы Нұрмұхамед деп есім беріпті. Ал 35 жастағы Райгүл Сүлейменова үшінші мәрте егіз сәбиін күтіп жүр.

Жанат НҰРИДЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Түнгі сағат 02:35-те босандым. Аллаға шүкір, баланың да, менің де жағдайым өте жақсы. Сайлау күні босанғаныма қуаныштымын. Мен өз дауысымды баламның болашағы үшін бердім. Баламның салмағы – 3 келі 300 гр. Баламның атын Нұрмұхамед деп қойдым.

Райгүл СҮЛЕЙМЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұған дейін екі егізден босанғанмын. Тағы егіз күтіп отырмыз. Еліміздің тыныштығы үшін, балаларымызды болашағы жарқын болуы үшін ана ретінде дауыс беріп жатырмын.

Перзентханада дәл қазір 106 ана бар. Түнгі сағат 12-ден бері 3 сәби дүниеге келген. Ал еліміз үшін тарихи маңызды күні облыс бойынша қазіргі сағатта 6 шақалақ жарық дүние есігін ашты.

Назымгүл МЕҢДЕШЕВА, №80 ЖАБЫҚ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ:

Олардың дені сау, аналарамыз аман. Соған қуаныштымыз. Түнгі 12-ден бастап, қазірге дейін 3 нәресте дүниеге келді. Оның екеуі ұл бала, біреуі қыз бала. Қазір босану бөлімінде 2 әйел жатыр. Толғақ ұстап жатырған аналарға барамыз.

Б. Нәдірқызы