Русский Сайттың толық нұсқасы

Дауыс беруге келген Майра Мұхамедқызы ән шырқады

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 1761

Президент сайлауы Шымкентте де жоғары деңгейде өтуде. Сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерді. Елдегі үшінші мегаполисте 635 мыңға жуық адам дауыс беру мүмкіндігіне ие. Әріптесім Айзада Төребекқызы толығырақ айтады.

Нағыз мереке дерсің. Опера және балет театрының ұжымы өз аумағындағы сайлаушыларды жанды дауыстағы әнмен қарсы алды. Өнер ордасы болғандықтан мұнда бас сұққандар әсем әуен тыңдамай кеткені жарамас, - дейді театр директоры Майра Мұхамедқызы.

Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ қ. ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін Қазақстанда бүкіл біздің елімізде үлкен саясат мерекесі деп айтуға болады. Саяси мереке, шынымен де, бұл бүкіл халқымыздың, ерліктің, елдіктің, ынтымақтың, берекенің нышаны деп білем өз басым. Бұл мен үшін де тарихи кезең, мен әрқашанда Қазақстандағы әрбір сайлауда дауысымды беріп келемін.

Шымкентте 311 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ресми дерек бойынша, 634 мың 818 сайлаушы бар. Оның 7, 5 мыңы – алғаш рет дауыс беруші жастар. Жүз жасап отырған екі қария үйінде дауыс берсе, жасы тоқсанға таяған тыл ардагері, қарт педагог немере шөберелерін ертіп, сайлау учаскесіне келді.

Дариға ЖАНСЕЙІТОВА, АРДАГЕР-ҰСТАЗ:

Бақытты, дені сау, еліміз қуатты, бай–қуатты ел болса екен. Осы менің шөберелерімнің өмірі жақсы болса екен деген ниетпен келіп дауыс беріп тұрмын. Халқымыз аман болсын, деніміз сау болсын!

Өз таңдауын жасағандардың арасында Олимпиада чемпионы Софья Берульцева да бар. Былтыр Токиода өткен жазғы олимпиаданың каратэден қола жүлдегері жаттығудың қауырттығына қарамастан бүгінгі маңызды күннен шет қалмай, уақыт тапқанын айтты.

Софья БЕРУЛЬЦЕВА, ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Азаматтың дауыс беруі қоғамдық кемелденуді көрсетеді. Сондықтан да әр дауыс маңызды. Сол үшін мен бүгін сайлауға келіп, өз дауысымды бердім. Өз шешімімді істедім.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бүгінгі саяси маңызды күні шаһар жұртшылығы ән мен күйге сусындап қана қоймады. Қала ішінде қоғамдық көліктер тегін жүріп жатыр. Бұл – сайлаушыларға жасалған мүмкіндіктің бірі.

А. Төребекқызы