Русский Сайттың толық нұсқасы

Ереванда лаңкестерді құрықтау операциясы аяқталып, 20 адам қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2016
  • 2297

Ереванда лаңкестерді құрықтау операциясы аяқталды. Бұл туралы елдің ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап, «Рейтерс» агенттігі ақпар таратуда.  

Мына кадрларда қарулы топты құрықтау сәті бейнеленген. Ақпарға қарағанда, 20 адам ұсталды. Шабуыл барысында бір полицей қаза тауып, алтауы жараланған. Тағы бір сақшы атыс кезінде өлгені соңынан анықталғанға ұқсайды. Тек арнайы келісім жасалған соң қарулы топ кепілдікте ұстаған 4 адамды босатты.

Еске салсақ, 17 шілдеде лаңкестер патрульдік-бекет қызметіне басып кіріп, ондағы бірнеше адамды кепілдікке алған. Олар оппозиция жетекшісі Жирайр Сефилянды бостандыққа шығаруды талап етуде және президенттің отставкаға кетуін қалайды. Айта кетейік, Сефилян қару-жарақ сақтады деген айыппен қамауда отыр. 

Құралай ПИОНЕР