Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сайлау комиссияларының төрағалары полицейлерді 18 рет шақыруға мәжбүр болды», - ҚР ІІМ

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2022
  • 900

Бүгін прокуратура органдарына үш өтініш келіп түскен. Астана қаласы, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тіркелді. Олар дауыс беру тәртібіне қатысты шағымданған.

Азамат САРҒАЗИН, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Біріншісі – Жоғарғы Сотқа Алматы қаласының тұрғынынан кезектен тыс сайлау өткізуге қатысты талап-арыз келіп түсті. Жоғарғы Сот бұл талапты сотталмауына байланысты қайтарып алды. Екінші талап Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының өкілі Реймерденнен келіп түсті. Әзірге іс соттың қаралымында, нақты шешім шыққан жоқ.

Сайлау комиссияларының төрағаларына 18 рет полиция қызметкерлерін шақыруға тура келген. Сондай-ақ, заңсыз митингілерді ұйымдастырғаны және насихаттағаны үшін 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, сотқа 15 азаматқа қатысты әкімшілік заң бұзушылықтар туралы хаттамалар жолданды.

Жандос МҰРАТӘЛИЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Бұл азаматтарға жергілікті атқарушы билік пен прокуратура әрекеттердің заңсыздығы және олардың жолын кесу қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткен. Жалпы қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты.

Жалпы сайлау науқаны және дауыс беру процесі артық шусыз, тыныш өтті. Азаматтардың дауыс беру құқығын іске асыруға кедергі жасау туралы шағымдары мен өтініштері жоқ деп қорытындылады құқық қорғау органдары.

А. Базарбай