Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдімекендердегі медицина мекемелерінің жартысынан көбі тозған,- Ажар Ғиният

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2022
  • 1223

Елімізде 400 емдеу мекемесі жалдамалы орындар мен апатты ғимараттарда орналасқан. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкіметте осылай деді. Оның айтуынша, министрлік биыл ауылдағы медицина орталықтарына түгендеу жұмыстарын жүргізген. Ендігі жоспар қандай? Олқылықтың орнын қалай толтырмақ? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.

Қызылорда облысы Шіркейлі ауылында дәрігерлер науқастарды әкімшілік ғимаратында қабылдауға мәжбүр. Себебі елдімекендегі емхана апатты жағдайда. Салынғанына 8 жыл ғана болған ғимаратқа, 2019 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, алайда қабырғалары жарылып, жарамсыз болып табылыпты.

Дәл осындай мәселе 400 ауылда бар. Тіпті 200 елдімекенде медицина орталығы жоқ. Бұл өз кезегінде кадр тапшылығына да әсер етіп отыр.

БЛИЦ:

- Врачтар болмай қалады. Басқа полеклиникадан келетін болады.Сол кезде қиындау болады.

- Балаларды қабылдайды, содан кейін ересек адамдарды қабылдайды. Үлгермей жатыр.

- Бір-екі сағаттай отырасын, есігінің алдында .Ешкім жоқ.

Денсаулық сақтау министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде 655 медициналық нысанның құрылысы басталатынын айтты.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бірінші - жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын: медициналық пункттерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Министр үкіметке ұсынған жобасында кадр тапшылығын шешуді де қарастырған. Сондай-ақ, шалғай ауылға барып жұмыс істегісі келетін мамандар үшін 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы беру көзделіп отыр деді. Ол үшін медицина қызметкерінің 3 жылдық тәжірибесі болуы міндетті.

Б. Сатуов