Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көлік қағып қаза тапқан зейнеткердің туыстары оқиға куәгерлерін іздестіруде

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2022
  • 1360

Сондай-ақ, Ақтөбеде емханаға бара жатқан зейнеткерді көлік қағып, жүргізуші қашып кеткен. Зардап шегуші төрт сағаттан соң ауруханада көз жұмды. Марқұмының жақындары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр. Оқиға 14 қараша күні таңғы сағат 7:38 шамасында Батыс -2 ауданында болған. Зейнеткер жүргіншілер жолағымен көшенің арғы бетіне өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен. Ал оны ауруханаға Ресейлік нөмірі бар жол талғамайтын көлікпен бір адам жеткізген. Ол қарияны жол жиегінен тапқанын айтыпты.

Әсел АЙЖАРЫҚОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ:

Мен нақты айта аламын сол күні менің анам емханаға бара жатты. Оның қолында қан тапсыратын қағаздары болды. Ол мына аркадан шығып, мына жүргінші жолына түскен. Осы жерде оны көлік қағып тұр. Үйден әрі қарай басқа жолмен жүруі еш мүмкін емес.

Марқұмның туыстары оқиға куәгерлері болса, хабарласуды өтініп сұрайды. Полицейлер бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған адамды жүргізушіні іздеуде.

Б. Рахметова