Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде баспана бағасы қандай?

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2022
  • 2369

Келер жылы елімізде тұрғын үй құрылысы 40 процентке азаюы мүмкін. Сәйкесінше, үй қымбаттайды дейді мамандар. Қазірдің өзінде баспана бағасы мәз емес. Әсіресе, мегаполистер мен облыс орталықтарында пәтер құны аспандап тұр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басында жаңадан салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орта есеппен 386 мың теңге болса, қазан айында 430 мыңға көтерілген. Өңірлердегі жағдайды тілшілеріміз жеткізеді.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қызылордада жаңадан салынған үйдегі пәтердің 1 шаршы метрі - 185 509 теңге. Ал алып-сату бағасы - 277 мың. теңге. Бұл еліміз бойынша төмен баға болып есептелгенімен, жыл басынан бері аймақта баспана бағасының өскендігі байқалады. Бұл тұрғыда келгенде тұрғындардың пікірі сан алуан.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Қымбат, өте қымбат сияқты. Баспана сол ала алмай жүрміз. Біз ауылдық жерде тұрған соң бізге ешнәрсе емес. Балаларымызда баспана болғаны жақсы ғой.

-Үйдің бағасы ұшып тұр ғой қазір. Времянканың өзі 7-8 млн. деп тұр. халықта оған ақша жоқ қой. Қазір бәрі квартирада жүр ғой. Менің өзім квартирада жүрмін. Тірнектеп жүріп, 2 мың, мың теңгеден жинап квартираға төлейміз.

-Жаңа үйлер бәрібір қымбат. Арзан үй алуға да болады. Ремондтап алуға болады.

Айдостың осы салада жүргеніне 4 жыл болған. Содан бері жылжымайтын мүлік нарығында едәуір өзгерістер болды дейді ол. Айтуынша, соңғы уақытта әсіресе, көпқабаттың үйлердің бағасы шарықтаған. Сондықтан сатып алушы да аз.

Айдос МЫРЗАБАЙ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жылжымайтын мүліктің сатылымы өте төмен болып тұр. Себебі мүліктің бағасы жоғарылағанымен халықтың әл-ауқаты жетіңкіремей жатыр. Мүліктің сапасы бағасына сәйкес келмей жатыр. Неге, себебі Қызылорда қаласында жылжымайтын мүліктердің, пәтерлердің жылдары ескі.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Баспананың қымбаттауына үлкен қалалардағы тұрғын үй бағасының тұрақсыздығы себеп дейді мамандар. Келесі сөзді Шымкенттегі тұрғын үй нарығын бағамдаған әріптесім, Айзада Төребекқызына беремін.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шымкентте де биыл пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді сату-сатып алу көрсеткіші жылдағымен салыстырғанда едәуір азайған. Жылжымайтын мүліктерді сатумен айналысатын орталық өкілінің сөзінше, оның бірнеше себебі бар.

Маманның мәліметінше, көпқабатты үйлердегі екінші нарықтағы пәтерлерге деген сұраныс аз. Жыл басынан өздеріне тапсырылған 100 пәтердің небәрі 10 проценті ғана сатылған. Онда да жұрт несиеге немесе бөліп төлеуге алады дейд. Ал нақты ақшаға сатып алатындар жоқтың қасы

Нұрлан ДОСЫМБЕКОВ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ САТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өткен жылмен салыстырғанда бағасы 200 мыңнан-400 мыңға дейін шаршы метрі. Өйткені районына байланысты, материалы, планировкасы, дизайнына байланысты. Одан да қымбаттары бар әрине. Көп кәсіпкерліктер экономикаға байланысты ғой.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шымкентте тек жаңа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешендеріндегі баспаналардың бағасы 15-20 процентке өскен. Бұл құрылыс материалдары құнының қымбаттауымен байланысты дейді мамандар. Пәтерлерді жалға беру ақысы да біршама көтерілген. Бірақ қазір бәрі өз қалпына келді.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Әлемде болып жатқан саяси ахуалға байланысты құрылыс материалдарын жеткізу Астанада да қиындаған. Сонымен қатар базалық ставка көтерілген соң ипотекалық бағдарламалардың басым бөлігі қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып тұр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Мен пока жалдап тұрамын. Енді жинап алайын ба десең, үйдің бағасы қымбаттайды. Жыл сайын өсіп жатыр ғой үйдің бағасы.

-Қазіргі кезде қымбат үйдің бағасы. Қазіргі заманға, сай келмейді айлыққа.

-Астанада бәрі қымбат екен.

Қазір бас қалада 1 және 2 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Көбі мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы алады дейді тәуелсіз сарапшылар. Егер жаңа пәтерлер тұрғындар үшін қолжетімсіз болса, құрылыс компаниялары тығырыққа тіреледі.

Мәдина ӘЖІКЕНОВА, ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ:

Жан-жақтан келіп, Астанада жұмысқа тұруда. Сондықтан жалға беретін сұраныс көп болғандықтан үй иелері олардың бағасын жоғары қоюда. Олар үй сатып алуға толық ақша жоқ, ал ипотекамен алайын десе тиімді ипотека жоқ.

Дегенмен, министрлік өкілдері баға бойынша мониторинг жүргізіп отырамыз. Бірақ, баға бізге тәуелді емес дейді.

Гүлжан ӨМІРЗАҚОВА, ҚР ИИДМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҮКШ КОМИТЕТІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Министрлік бағаны бақылауға алмайды. Себебі бұл нарықтық экономика. Біз үкімет берген тапсырма бойынша мемлекеттік бағдарлама ұсынамыз. Мысалға наурыз айында ұсынған - субсидия. Оны 4 деңгейдегі тұрғындар ала алады.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Сарапшылар, арзан үйді табуға болады дейді. Бірақ, ол тек қала сыртында, халыққа қолайсыз. Ал орталықтағы баспаналар ішкі нарықтағы бәсекелестіктің салдарынан қымбаттап барады.

Ә. Дүкембаева