Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтап жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2022
  • 1260

Екібастұзда жылу электр орталығындағы апатқа байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Жағдай біртіндеп қалыпқа келіп жатыр. Мамандар қатып қалған құбырларды жөндеумен айналысуда. Үкімет қазір проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Смайыловқа тапсырма берген болатын.

Кешелі бері қала халқында маза жоқ. Әлі де жылусыз отырғандар бар.

Анаргүл АЗАТОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Отопление жоқ. Бүгін кішкене беріп еді. Оның өзі сөніп қалды. Қазір вообще суық. Обогревательмен отырмыз. Бір жыл болды отопление слабый. Былтыр қыс жылы болды.

Екібастұздағы инженерлік желілердің 90 проценті тозған. Бұны мемлекет басшысы өңірге сапары барысында сынға алған болатын.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екібастұз елдегі барлық электр энергиясының төрттен бірін өндіретініне қарамастан, қалада әр қыс сайын жылусыз қалу қаупі туады. Бұл - абсурдтық жағдай. Павлодардағы ЖЭО-1 және Екібастұздағы ЖЭО кезең-кезеңімен жаңғыртылуы тиіс.

Қазір қаладағы 20-ға жуық көп қабатты үйде жылу жоқ.

Аян БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі күні 685 үйдің тек ғана 17-сінде жылу жоқ. Қалғанында жылу беру мәселесі шешіліп жатыр. Бұл- қаламыздағы үйлердің 2 пайызға жуығы.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Бұл Екібастұз қаласының орталық көшелерінің бірі. Мұнда жер асты құбыры жарылған. Қазір жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Екібастұздың жылусыз қалу мүмкін екенін жергілікті белсенділер де айтып, дабыл қаққан болатын. Алайда, оған билік мән бермеген сыңайлы.

Юрий ПАВЛЕНКО, ЭКОЛОГ:

Екібастұздың жылу электр орталығы иығынан дем алып тұр. Инженерлік желілердің 95 пайызға жуығы ескерген. Қала биыл қыста жылусыз қалу мүмкін.

Әзірге апаттың қашан қалпына келері белгісіз. Десе де, қала әкімшілігі жағдайды тез арада қалыпқа келтіреміз деп уәде берді.

Ө. Қуанар