Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2022
  • 1647

Қасым-Жомарт Тоқаев қайта мемлекет басшысы болып сайланғаннан кейін бірнеше кадрлық ауыс-түйіс жасады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу қызметке қайта тағайындалды. Ал Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына келді. Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметін сақтап қалды. Сондай-ақ, Антикор басшысы Олжас Бектенов та өз жұмысын жалғастыра береді. Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына Жанат Элиманов отырды. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Сәкен Исабеков, Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы - Дархан Жазықбаев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров өз қызметінде қалды.

А. Задабек