Русский Сайттың толық нұсқасы

14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2022
  • 2230

Елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға бекітілді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Үміткерлерді ұсыну үшін 16 күн уақыт берілді. Саяси партия мен өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерінің мәслихаттардағы өкілдері арқылы Парламент Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізіледі. Еліміздің 20 өңірінен бір-бір депутат сайланады. Үміткерлер қажетті құжатты өткізіп, жарнасы төленгеннен кейін тіркеледі.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде сайлау жарнасы 900 мың теңгені құрайды. Бұл констутциялық заңда 15 ең төменгі айлық мөлшерінде айқындалған жарнаға сай келеді. Қазіргі уақытта ең төменгі айлық 60 мың теңгені құрайды. Сайлау алдындағы үгіт 19 күнге созылады. Яғни, үгіт жұмыстары 24 желтоқсан күні сағат 18-00-ден 2023 жылдың 13 қаңтар күні сағат 00-00-ге дейін жүргізіледі.

Б. Сатуов