Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда арзан бағада жәрмеңке ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2022
  • 1247

Жамбыл облысында «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне» орай өңірдегі ең үздік тауар өндірушілер мен сала қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ, қала тұрғындарына арзан бағада жәрмеңке ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің орынбасары ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап,алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығы дамуымен тығыз байланысты. Сонықтан ауыл шаруашылығы ел экономикасының сәтті дамуының ерекше серпін беріп отырған негізгі драйверлерінің бірі. Сіздердің еңбектерінің қашанда құрметке лайық.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру аясында облысқа биыл 30,3 млрд теңге бөлінген. Мал, егін шаруашылығы мен одан түскен өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 39,5 пайызға артық.

Әділхан ЖАҚСЫЛЫҚ, «ІСКЕ СӘТ» ШҚ ЖЕТЕКШІСІ:

Жаңа технологиямен жұмыс істеп сол бойынша бүгін осы марапатқа ие болып отырмыз. Арықпен суғарумен қарағанда кемі екі есе өнімге қол жеткіздік. Енді тағы да үлкейтсек пе деп отырмыз.

Мереке қарсаңында қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

БЛИЦ:

- Ярмаркаға келдік бәрі жақсы бағалары да қол жетімді. Картошка, сәбіз, пияз бәрін алдық. Базар қымбат балам, магазинде қымбат бәрі.

- Маған өте ұнап тұр. Маған өзіме керек тауарды алып жатырмын.

Достық алаңында спорттық сайыстар өтіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Б. Жұмабай