Русский Сайттың толық нұсқасы

«Апатқа жауапты адамдарды анықтау керек», - М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2022
  • 1784

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Екібастұз жылу-электр орталығындағы апатқа қатысты пікір білдірді. Сенат төрағасы стратегиялық нысандарды мемлекетке қайтару мәселесіне тоқталды. Мәулен Әшімбаев «бұл жерде кешенді жауапкершілік болуы керек шығар. Қазір апатқа жауапты адамдарды анықтау керек» дейді. Сенат осы мәселе бойынша Үкіметке тиісті сауалдарын жолдайтынын айтты.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Барлығы заң аясында жүргізілуі керек. Осы жағдайдан кейін кім жауапты болды, қалай болды, неге дайындық жұмыстары жасалмаған деген сұрақтардың барлығына тиісті органдар жауап береді. Содан кейін осы нысандарды мемлекетке қайтару мәселесі қаралады.

Ә. Дүкембаева