Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда шырша мен мұз қалашыққа 40 млн теңге жұмсалады

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2022
  • 2273

Қостанай әкімдігі жаңа жыл мерекесіне қызу дайындықты бастап кетіпті. Биыл қалалық қазынадан шырша мен мұз қалашыққа 40 миллион теңге бөлінген. Облыс орталығында орнатылатын жаңа жыл нышанын безендіруге бюджеттен 20 миллион теңгеден астам ақша жұмсалса, мұз қалашық пен түрлі мүсіндерге 16 миллион 800 мың теңге қарастырылған. Алайда қала әкімі бұл қаражаттың өзі жеткіліксіз дейді.

Марат ЖҮНДІБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қаражат жеткіліксіз. Облыс орталығы үшін бұл көп ақша емес. Сондықтан бұл жұмысқа барлықтарыңызды атсалысуларыңызды сұраймын. Көшеге шығып бірдеңе істеудің керегі жоқ. Әуелі өз ғимараттарыңызды безендіріп, өз тұтынушыларыңыз үшін мерекелік жағдай жасаңыздар.

Шаһардағы тағы екі шағын ауданда мерекелік шырша бой көтереді. Жаңа жыл қарсаңында қалалық жағажай аумағы да демалыс орнына айналады. Онда сырғанақ орнатылып, шаңғы жолы салынады. Тамақтану орны ашылады. Адамдар жылынатын арнайы вагондар қойылады. Ал қала тұрғындарының қымбат шыршаға қатысты пікірі әртүрлі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Әрине, керек. Әрбір қалаға шырша, қандай да бір сырғанақ керек шығар деп ойлаймын.

- Керек балалаларға керек. Адамдарға керек. Көңіл-күй көтеріңкі болу үшін.

- Шырша ескіліктің несі ғой бұрынғы кеңес үкіметінен қалған бір. Сол кезде қызығырақ болған шығар. Қазір оның мәнісі жойылды. Ал енді сырғанақ баларға орнату керек. Ол қыстың өз қызығы бар.

З. Санай