Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жүрекпен көремін» атты көрме жұртшылықты өзгеше әсерге бөледі

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2022
  • 1409

Астанада ерекше шара өтті. «Жүрекпен көремін» атты көрме мен қараңғыдағы концерт ұйымдастырылды. Оған келгендерге арнайы маска берілді. Айналадағы суреттерді олар көзбен көрмесе де, әдемілікті жүрекпен сезініп өзгеше әсерге бөленді. Көрмедегі әр картинаның алдымен аудиодискрипциясын тыңдайды. Содан кейін барып елестеткен шығарманың бейнесін көре алады. Мұнан соң қараңғыдағы концерт болды. Көз жанарынан айырылған ерекше қабілетті жандар ән шырқап, күй тартып өнерлерін ортаға салды. Кештің ерекшелігі - музыканы жаңаша тыңдай алатын, ешкімнің де, ештеңенің де алаңдатуынсыз абсолютті қараңғылықта көрерменге ерекше сезім сыйлау. Бұл шараны халықаралық мүгедектер күніне орай «Sezin» қайырымдылық жобасы аясында «Мирас-А» қайырымдылық қоры ұйымдастырған.

Жүзбай СЕРІКҰЛЫ, «МИРАС-А» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Аспанда күн бұлтанып тұр, жаңбыр жауды, ойлы-қырлы жерлерде су жиналды. Бір кезде көк костьюм шалбардағы кісі тұрып қолымен амандасты. Қолыңда жүзігі бар деген сияқты соны айтып тұрады. Жаңағы суретті көзбен көру емес, құлақпен естіп сезіну. Яғни бізде көзбен көрсек әсер аламыз да мимен жүрекке қабылдаймыз. Ал бұл жерде құлақпен сезінеді да жүрекке барады тікелей.