Алматыда Түріксіб ауданындағы үйлердің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Оны зорлықпен өлтіріп, шұңқырға көміп кеткен. Полиция бөліміне “адам жоғалғаны” жайлы арыз түскен. Ер адам досымен жолығам деп кетіп, үйіне сол күйі оралмаған. Соған алаңдаған туыстары тәртіп сақшыларына хабарлаған. Патрульдік Полиция қызметкерлері үй аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, жоғалған адамның мәйітін тапты. Күдікті де анықталған.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қылмыс орнында инспекторлар сол үйде тұратын күдіктіні ұстады. Бір нұсқа бойынша, ол кісі өлтіруді бірге ішімдік ішкеннен кейін жасаған: алдымен ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.