Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2022
  • 1255

Атырауда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты. Салдарынан медициналық көліктегі жолаушы зардап шекті. Екінші дәрежелі жолдан шыққан Дэуо Nexia көлігі басты жолмен келе жатқан 2- емханаға қарасты жедел жәрдем көлігіне жол бермей соқтығысқан. Көлікте емхананың курьері болған. Келіншек түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Айша КЕНЖЕМҰРАТОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жүргізуші медициналық көмекке жүгінбеді. Ал курьерде дене жарақаттары , атап айтсақ, сол қолдағы сүйектердің жабық сынуы ж»не оң жақ тізе буынының гематомасы салдарынан облыстық аурухананың бет-жақ хирургия бөлімшесіне жеткізілді.

Б. Надірқызы