Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда республикалық әдістемелік кеңестің отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2022
  • 1903

Маңғыстау облысында республикалық әдістемелік кеңес отырысы өтті. Басқосуда Қазақстан Халық Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу жайы талқыланды.

Маңғыстауда 20-дан астам этномәдени бірлестіктің мүшелері бір шаңырақ астына жиналды. Олар ұлттық салт-дәстүрімізбен танысып қана қоймай, өз қалауынша өткізу мүмкіндігіне ие болды. Жиынға жиналғандардың мақсаты- шағын бизнес пен жастардың бастамаларын қолдау арқылы азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыруға жәрдемдесу.

Амангүл ЖАЙЫЛХАНОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін бізде сессияда осы 2021-2022 жылдардағы ҚХА жұмыстарын қорытындыладық. Және алдымызға 2023 жылға қойған мақсаттарымызбен бөлістік.

Республикалық әдістемелік кеңесте бірқатар мәселе талқыланды. Онда Президент жолдауындағы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басымдықтар туралы айтылды.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Көптеген этностар аймақтар достық үйлерінде орналасқан. Осылайша достық үйлері арқылы қазіргі Мемлекет басшысы айтқан бірлігіміз тірлікте.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірде этносаралық ахуал тұрақты. Бүгінгі әдістемелік кеңес жұмысында көптеген жаңа тың идеялар мен ұсыныстар айтылды. Шара соңында ассамблея орынбасары Марат Әзілханов жастардың бизнес идеяларын қолдау, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдерді азайту және бизнесті табысты құру үшін кәсіпкерлік саласындағы тәлімгерлікті дамыту туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, Достық үйінде болған шарада қазақ халқының ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі мен музеймен танысты.

Ә. Дүкембаева