Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысы тұрғыны немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2022
  • 1537

Атырау облысының тұрғыны екі айлық немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Қайғыдан қан жұтқан Сәнім Ембергенованың айтуынша, олар шақалаққа тиісті ем-дом жасамаған. Ауруханаға барғанша сәби мүлдем мазасызданбады, - дейді. Ал дәрігерлер нәрестенің жүрегінде 3 сантиметрлік тесік болғанын айтады. Сондықтан аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сәнім Ембергенова немересінің суретіне жүз қарайды. Күн сайын өз қолымен бесікке бөлегені есіне түсіп, көз жасын құрғата алмай жүр. Айтуынша, келіні жүкті кезінде екі мәрте ультрадыбыстық зерттеу жасатқан. Ол кезде де, тіпті босанған соң да дәрігерлер шақалақта қандай-да бір дерт бар екенін айтпады, - дейді. Тек бір айдан өткен соң дәрігерлердің қабылдауына барған кезде жүрегінде тесік бар деп шұғыл ауруханаға жатқызыпты. Кейін ақ халаттылар баланың жағдайының ауыр екенін айтып, дәрі-дәрмек сатып алып келуді талап еткен.

Сәнім ЕМБЕРГЕНОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Дәрігерлер қарамады, шынында да қарамады. Дәрігерді неге маған сатып алдырады. Олар, мысалы, Энап деген 700 теңге тұрады екен, кішкентай ғана ақша ғой, оны өзім де алып беретін едім. Үлкендердің дәрісі дегеннен кейін алмадым ол дәріні, менің қызыма арналмаған. Оның дозасын көбейтіп салып жіберді ме. Мен ойланамын, ол жерге неге алып бардым деп әлі күнге дейін.

Ал дәрігерлер сәби өте ауыр жағдайда екенін жүрегін ультрадыбыстық зерттеуге түсіргенде білдік дейді. Бір жарым ай бұрын баланың жүрегінде 3 см тесік болған. Сондықтан операция жасау да мүмкін емес екендігін айтты. Қолдан келетін барлық ем-домды жасағанмен, аман алып қалу мүмкіндігі аз болғанына өкінеді. Келіншектің жүкті кезінде түскен ультадыбыстық зерттеулерде дерттің неге анықтамағанына олар да аң-таң.

Асылбине ЖАҚСЫЛЫҚОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЛА КАРДИОЛОГЫ:

Польный АВСД деген, үлкен ДМЖП 1 жарым см, екінші первичный ДМВП 1,9 см. Почти балада 3 см тесік бар. Ол бала үшін өте үлкен тесік. Ондай порокта әдетте операцияға 5-6 айда барады. Өйткені ол кезде жүректің ортасы дамымаған. Екі жақтағы клапан да дамымаған. Уже өкпеге проблема өтіп жатыр деген. Екі жақты пневмание болды плюс.

Дәрігерлер аурудың бұл түрі ешқандай белгі бермейтінін айтады. Егер ауруханаға алып келмесе, бақытсыз жағдай үйде болуы мүмкін дейді. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, қорытынды жасалады, - дейді полициядағылар.

Б. Нәдірқызы