Русский Сайттың толық нұсқасы

Сот орындаушылар борышкерлерден өндірілген 1,1 млрд теңгені жымқырған

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2022
  • 1729

Сот орындаушылар борышкерлерден өндірілген 1,1 миллиард теңгені жымқырған. Мұны Бас прокуратура анықтады. Бірнеше өңірде жүргізілген тексерістен соң жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың шотына аударуға жататын ақша ұрлаудың 660 фактісін анықтаған.

Қайрат РАИСОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Елордалық жеке сот орындаушылар алимент бойынша жоқ қарызды әдейі анықтап, сот үкімімен мемлекеттің пайдасына тәркіленуге жататын 289 миллион теңгені жеке тұлғаның банктік шотынан шешіп алған. Ол бұл қаражатты Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін жеке сот орындаушы 10 миллион теңге ұстап қалған.

Ә. Дүкембаева