Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда тағы су құбыры жарылып, қала сусыз қалды

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2022
  • 1500

Қызылжарда тағы су құбыры жарылып, қала бүтіндей сусыз қалды. Апат қайтадан Жұмабаев көшесінде болды. Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда жер астынан атқылаған фонтанның биіктігі бір жарым метрге жеткен. Салдарынан маңайдағы үйлерді су басқан. Тұрғындар баспананың жертөлесі әлі де суға толып тұрғанын айтады.

Шарифа АНАНЬЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көшеден келген тасқын біздің ауламызды түгел басып алды. Судың тереңдігі тізеге дейін келді. Қазір жертөлемізде су әлі тұр. Онда сақталған асымыз жартылай бүлініп қалды.

Қызылжар су серіктестігінің өкілдері бұл магистральдің былтыр ғана жүргізілгенін айтты. Құбырды ауыстыру үшін бюджеттен 100 миллион теңге жұмсалған. Құзырлы органдар магистральдің әлі де кепілдікте тұрғанын айтты. Алайда, бір қызығы жөндеу жұмыстарымен жауапсыз мердігер емес, қалалық сумен қамту кәсіпорны айналысып жатыр.

Ербол НӘБИЕВ, “ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екі құбырдың түйіскен жері жарылды. Біз жөндеу жұмыстарын түнімейін жүргіздік. 9 үй әлі сусыз отыр. Қазір су басқан үйлерге өтемақы төлеу мәселесі қаралып жатыр.

А. Құрманкин