Русский Сайттың толық нұсқасы

Шұғыла шағын ауданының тұрғындары батпақ кешіп жүр

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2022
  • 2135

Алматыда Шұғыла шағын ауданының тұрғындары батпаққа батып жатыр. Айтуларынша, су құбыры мен кәріз желілерін жүргізу үшін мердігерлер көшені қазып тастаған. Бір жарым жылдан бері қазылған жер ашық-шашық жатыр. Басталған жұмыс аяқсыз қалған. Неге? Жауаптылар бұған не дейді?

Бір жыл бұрын бұл көшелерде тегіс асфальт болған. Ал қазір жұрт батпаққа батып жатыр. Тұрғындар мәселені әкімдікке талай мәрте айтқан. Бірақ, еш нәтиже шықпаған соң, өздері қам жасап жатқан көрінеді.

Әсел ЗАБРОСКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз өз ақшамызға жол жасадық. Тұрғындармен басты көшені асфальттауға ақша жинадық, көріп тұрған асфальттарыңыз біздІң есебімізден жасалған.

Олеся БЕДАРЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қанша уақыт күтуге болады? Келіп қазып кетеді де, бір айға жоғалады. Бір айдан кейін қайтадан келіп, қаза бастайды,сол кезде құбырды қайтадан ТЕСІП кетеді. Көліктер шұңқырларға тұрып қалады. Біз қалай өмір сүреміз? Әкімдікке де қоңырау шалдық.

Мектеп оқушыларына тіпті қиын. Сабаққа жету үшін қаншама шалшықты айналып, ашық шұңқырлармен өтеді. 

Омар МЕЛС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менің балаларым мен немерелерім бұл жерден өте алмайды. Бұл жерлерді айналып өту үшін Абай көшесінен айналып өтеміз, онда қозғалыс үнемі қызып тұрады, Қарттар мен балалар үшін бұл қиын.

Шұғылалықтардың проблемасы бұл ғана емес. Ай сайын құбыр тесіліп, көшеде суға көлкіп жатады. 

Валентина ДОРОФЕЕВНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Екі ай бұрын су атқылады, бір айға жуық уақыт ағып жатты. Біз су арнасына жауапты компанияға хабарластық. Міне ресми келісімшарт бар. Біз тек су жібереміз, қалған жұмыстарға жауап бермейміз деді. Барлық көшелерден біреу 3000 біреулер 5000-нанжинап, 130 мыңға бәрін өзіміз жөндеуге тура келді.

Әкімдіктің мәліметінше, су және кәріздік құбырларды салу жұмыстары былтыр басталған. Құрылыс келер жылдың екінші жартысында ғана аяқталады дейді. Жол сонан кейін ғана жөнделмек. 

Фархад ЖАҢБЫРОВ, НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Асфальтты қалпына келтіру бойынша жұмыстар 2023 басталады.Тұрғындар арасында наразылық болғандықтан, біз мердігерлік ұйыммен келіссөздер жүргізіп, көшелерді инертті материалдармен себу жұмыстарын жүргізуде.Биылғы жылы асфальт төсей алмаймыз.

 Ал су жүйесі 2025 жылы іске қосылады.