Бүгін Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына «AMANAT» партиясынан кезекті гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл – 200 жылытқыш, 400 жылы көрпе, 100 батарея және басқа да қажетті заттар. Гуманитарлық көмекті «AMANAT» партиясының белсенділері ұйымдастырған. Айта кету керек, Екібастұзда бір аптадан астам уақыттан бері волонтерлер штабы жұмыс істеп тұр. Штабта «Жастар Рухының» және өзге де ұйымдардың өкілдері бар. Осындай қиын кезде жағдайға бейжай қарамай көмекке келіп жатқан меценаттар, Үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қазақстандықтардың қатары көп дейді партияластар.
Санира ЖҮСІПОВА - «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАЙЫМЫ:
Екібастұз қаласының жылусыз қалған үйлеріне 4 жарым мыңнан астам жылытқыш жеткізілді. Оның 2 жарым мыңы еліміздің әр өңіріндегі аманаттықтардың тарапынан берілді. Олардың әр қайсысы мұқтаж отбасыларға жеткізілді. Өтінімдер орталықтандырылған штаб телефоны арқылы таратылатын болады. Бұл жұмыс Екібастұз қаласының жағдайы толық тұрақталғанша, жалғасын табады
.