Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада ауыл әйелдері алқалы жиында бас қосты

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2022
  • 1466

Қызылордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форумы өтті. Жиын барысында бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған ана мен бала денсаулығы сөз болды. Сонымен қатар, жеке кәсіп дөңгелетіп отырған кәсіпкер әйелдер өзара пікір алмасты. Тың идеялары мен соны бастамаларын ортаға салып, мамандардан кеңес алды.

Ләззат ПӘРМЕНҚҰЛОВА, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жерге келіп шаруашылығым туралы айтқан кезде бірнеше адам қызығушылық танытып жатыр. Бұл форум, мен ойлаймын жан-жақтағы кәсіпкер әйелдердің ортақ бір шешімге, ортақ түйінге, тағы да бір алдағы мақсаттарға жетелейтін форум деп ойлаймын.

Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауыл әйелдерінің тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды насихаттау, соны түсіндіру, жеткізу болып табылады. Жастарға, басқа да азаматшаларға арналған заманауи кәсіп түрлері, әлеуметтік желілер арқылы, ол бағытта да тақырыптар қозғалып жатыр.

Алмагүл Құсаинова - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тумасы. Ол 41 жыл балабақшада қызмет істеді. Форумға қатысуымның себебі, бизнес-идеяларды дамытуға арналған гранттардың арқасында оқып өз кәсібімді бастасам, дейді. Бұл кәсіп бастағысы келетін әйелдер үшін керемет бастама дейді.

Алмагүл ҚҰСАИНОВА, АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әйелдер қай қоғамда жүрсе де, рөлі ерекше. Өйткені не нәрсені ақылмен, парасаттылықпен шешеді. Енді бұл форумның берері өте көп деп ойлаймыз.

М. Тоқтасынқызы