Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Ақтөбе облысы мен Жамбыл облысына барды

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2022
  • 1086

"AMANAT" партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Жамбыл облысына барды. Оған 150-ден астам ауыл тұрғыны келіп, арыз-шағымдарын жеткізді. Айта кетейік, қоғамдық қабылдау осы жылдың наурыз айынан бастап бір мыңнан астам шалғайдағы ауылдық елді-мекендерді аралаған. 10 мыңнан астам тұрғынның мәселесі қаралды.

Азамат БІРЖАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

14 наурыздан бастап қазіргі күнге дейін біз мыңға жуық мобильді қоғамдық қабылдаулар өткіздік. Он мың азаматты қабылдап, он мың мәселе көтерілген болатын. Шалғай ауылдардың мәселелерін көтеріп, шешу бойынша барлығы да жүйелі мәселе өз жеке басының мәселесі емес ауылдың ортақ мәселелері бұл жер мәселесі, бұл су мәселесі, бұл жаңағыдай жарық мәселелері, бұл жол мәселелері көтеріп қазіргі таңда "AMANAT" партиясы шешеуге бел буып отыр.

Б. Сатуов