Русский Сайттың толық нұсқасы

Өңір-өңірлерде “Жастар Рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен “Бір толқында” шарасы өтуде

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2022
  • 1328

Өңір-өңірлерде “Жастар Рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен “Бір толқында” атты ашық диалог алаңы өтіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласындағы пікірталас тұғырлы тәуелсіздікке арналды. Бас қосуға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан мен белгілі ақын Маралтай Ыбыраев қатысып, жастардың сұрағына жауап беріп, пікір алмасты.

Маралтай ЫБЫРАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, АҚЫН:

Тәуелсіздік қай кезде де мына біздің қазақ баласының мәңгі жүрегінде. Оны бір даталы күнмен бекітіп тастауға болмайды. Барша қазақ баласы осылай ойлайды деп ойлаймын. Ол деген бір күнге, бір сәттерге, мезеттерге байланып тұратын нәрсе емес. Ол біздің ата-бабаларымыз ғасырлап аңсап күткен дүние.

Қызылордалық жастар да зиялы қауым өкілдерімен кездесті. «Тәуелсіз елдің жастары» атты шараға 3 дүркін «Алтын домбыра» иегері, ақын Мұхтар Ниязов пен желтоқсан оқиғасының қатысушысы Аманбай Канетов қатысты. Келелі жиын барысында жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, құрметтеу төңірегінде сөз қозғалды.

Мұхтар НИЯЗОВ, АҚЫН:

Бізге жастардың көкйіндегі сұрағы маңыздырақ өзіміздің айтқымыз келген нәрседен. Сондықтан қаламыздағы бірнеше оқу орындарының әртүрлі мамандық иелері сұрақтарын қойды өздерінің. Сөзімізді тыңдайтын жастарға шамамыз келген айттық. Өйткені біз қазір бұл бауырларымызға, қарындастарымызға жанымыз ашымаса, бұл жастарға басқа біреу, басқа нәрсе айтып кетуі мүмкін.

Бибіжан ТЫНЫШТЫҚ, СТУДЕНТ:

Бүгінгі «Bir tolqyn»- да жастар рухы бағдарламасы жоғарғы деңгейде өтті. Өзім қалаған сауалдарға нақты, жоғарғы деңгейде жауаптар ала білдім. Мұндай ашық сұхбаттар алдағы уақытта көптеп болады деген сенімдеміз.

Қ. Мерей