Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палатаның алғашқы отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2022
  • 1565

Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палатаның алғашқы отырысы өтті. Елімізде азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетін ауқымды саяси реформа жүргізіліп жатыр. Бұл орайда билік пен қоғам арасындағы ашықтық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынастың жаңа саяси мәдениеті қалыптасуда және мұнда Парламенттің орны ерекше. Қоғамдық палата жұртшылықпен тікелей диалог құра алады, ең көп талқыланып жатқан мәселелер бойынша депутаттардың халықпен кері байланыс орнатуына мүмкіндік береді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамдық пікірталас әлеуметтік желілерде, көшелерде, алаңдарда емес, палата қабырғасында болу керек екенін айтқан болатын. Сондықтан біз Қоғамдық палата құру тарлы осындай шешім қабылдадық. Қоғамдық палата негізгі заңнамалық бастамаларды тәуелсіз кәсіби тұрғыдан сараптама жасайтын іргелі орталыққа айналуы тиіс.

А. Базарбай